ШҚО-да екі басқармаға жаңа басшылар тағайындалды
Шығыс Қазақстан облысында Туризм басқармасына, сондай-ақ Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына жаңа басшылар тағайындалды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Облыс әкімі Нұрымбет Сақтағановтың мәлімдеуінше, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің келісімі бойынша Ержан Алтайұлы Сембинов Шығыс Қазақстан облысы туризм басқармасының басшысы лауазымына тағайындалды.
– Ержан Алтайұлы – туризм және сыртқы байланыстар саласын жетік меңгерген, мол тәжірибесі бар білікті маман. Өңіріміздің туристік әлеуетін арттыру, инфрақұрылымды дамыту және ішкі-сыртқы туризмді жүйелі түрде ілгерілету бойынша нақты жобаларды іске асыруға қабілетті басшы ретінде тағайындалып отыр, – деді өңір басшысы әкімдік отырысында.
Сондай-ақ мемлекеттік әкімшілік лауазымға жүргізілген ішкі конкурс нәтижесінде Нұрсұлтан Шаттықұлы Маратов ШҚО Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының басшысы болып тағайындалды.
– Нұрсұлтан Шаттықұлы – халықаралық деңгейде экономика, саясат және құқық салаларында білім алған жас маман. Бірнеше елде тәжірибе жинақтаған. Өңірлік кадр резервіне енген. Шетелдегі елшіліктер мен жергілікті атқарушы органдарда экономикалық бағытта жұмыс істеп, тәжірибе жинаған. Ол өңіріміздің экономикалық саясатын тиімді жүргізуге, инвестициялық жобаларды іске асыруға және халықаралық тәжірибені қолдануға қабілетті басшы ретінде тағайындалып отыр, – деді аймақ әкімі.
Оқи отырыңыз



