Шілдеде қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады
Шілде айында елімізде қосымша демалыс күтіп тұр. Себебі 6 шілде – Астана күні. Бұл – ресми мереке, сондықтан ол күн демалыс болып саналады, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
2025 жылы 6 шілде жексенбіге түсіп тұр. Осыған байланысты мерекелік демалыс бір күнге – 7 шілде, дүйсенбіге ауыстырылады. Яғни бес күн жұмыс істейтіндер үш күн қатарынан демалады: 5, 6 және 7 шілде (сенбі, жексенбі, дүйсенбі).
Ал алты күн жұмыс істейтіндерге жағдай сәл өзгеше:
– 5 шілде (сенбі) – жұмыс күні;
– 6 және 7 шілде – демалыс.
Айдың жалпы жұмыс және демалыс күндеріне келсек:
– бес күн жұмыс істейтіндер: 9 күн демалып, 22 күн жұмыс істейді;
– алты күн жұмыс істейтіндер: 5 күн демалып, 26 күн еңбек етеді.