ШҚО әкімі Ермек Көшербаев мәдениет басқармасының басшысын тағайындады
Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен облыстық мәдениет басқармасының басшысы болып Самат Қасенов тағайындалды,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Самат Қасенов – Шығыс Қазақстан облысының тумасы. 2006 жылы С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетін «Тарих және география» мамандығы бойынша тәмамдаған.
Еңбек жолын 2006 жылы ШҚО тарихи-өлкетану музейінің тарихи-мәдени мұра бөлімінде бастаған. 2013 жылдан бастап ШҚО мәдениет басқармасының мәдениет және өнер бөлімінде түрлі қызметтер атқарып, қатардағы маманнан басқарушы деңгейіне дейін көтерілді.
2019 жылы ШҚО әкім аппаратының бас инспекторы қызметін атқарды. 2023 жылғы 14 ақпаннан бастап ШҚО мәдениет басқармасы басшысының орынбасары болып тағайындалды. 2024 жылдың қазан айынан бері басқарма басшысының міндетін уақытша атқарып келді.