Өскеменде жаңа автодром ашылды
15 қыркүйектен бастап Өскемен қаласындағы мамандандырылған ХҚКО аумағында B санаты бойынша жүргізуші куәлігін алуға арналған жаңа автоматтандырылған автодром жұмысын бастайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жаңа алаң қазіргі заманғы стандарттарға толық сай жасалған. Мұнда автоматты және механикалық беріліс қорабы бар көліктермен емтихан тапсыруға мүмкіндік бар. Азаматтар емтихан кезегін «ХҚКО» мобильді қосымшасы арқылы онлайн брондап, уақытын үнемдей алады.
Айта кетейік, басқа санаттар бойынша емтихандар бұрынғыдай Назарбаев даңғылы, 59 мекенжайындағы оқу комбинатында қабылданады.
Жаңа автодром Өскемен қаласы, Самар тас жолы, 23/1 мекенжайында орналасқан. Жұмыс уақыты: жұмыс күндері 08:00-ден 17:00-ге дейін, сенбі күні 08:00-ден 12:00-ге дейін. Жексенбі – демалыс.


