KZ
Өскемен
-9°
небольшой снег жел 3 м/с, ОШ
516.13 538.01 5.29

Жүргізуші куәлігі: емтиханға енді тек ХҚКО қосымшасы арқылы жазыласыз

Gov.kz

27.01.2025, 13:30 235 Төлеуғазы Жансая

Енді Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында өтетін теориялық және тәжірибелік емтиханға тек ХҚКО қосымшасы арқылы жазылуға болады. Бұл жаңашылдық азаматтарға ыңғайлы болу үшін және жемқорлық тәуекелдерін азайту үшін жасалған, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі. 

Қауіпсіздікті қамту мақсатында ХҚКО қосымшасының барлық қолданушысы екі факторлы аутентификациядан өтеді. Алдымен биометриялық идентификация, сосын 1414 нөмірінен келіп түскен СМС-код арқылы өз жеке басын растайды. Одан кейін жүргізуші куәлігіне үміткер  «Теориялық емтиханға жазылу» немесе «Тәжірибелік емтиханға жазылу» батырмасын таңдайды. Бұдан соң қызмет алушыға 1414 нөмірінен хабарлама келеді. Айта кету керек, СМС хабарлама Мобильді азаматтар базасына тіркелген телефон нөміріне жіберіледі. Қосымша арқылы емтиханға жазылу үшін алдын ала Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгініп, өтінім нөмірін алу қажет.
Аталған сервис емтихан уақыты мен емтихан тапсыру кестесіндегі өзгерістер туралы пайдаланушыларға хабарлап отырады. Бұл ақпаратты ыңғайлы түрде және дер кезінде алу мүмкіндігін едәуір арттырады. 
Еске салайық, емтиханға жазылу бұрын booking.gov4c.kz сайтында іске асатын, алайда ХҚКО мобильді қосымшасы арқылы қызметті кеңейтілген ауқымда алу үшін сайттағы броньдау функциясы өшіріледі. Десек те, сайт пайдаланушыларға емтихан тапсыру сәтінің трансляциясын онлайн режимде көрсету үшін өз жұмысын жалғастыра береді. 
Аталған қосымша ХҚКО-ға бару уақытын броньдауға, электронды кезек үшін талон алуға, қызықтырған Халыққа қызмет көрсету орталығының орналасқан мекенжайын табуға, өзекті сұрақтармен танысуға мүмкіндік береді. 
Айта кету керек, ХҚКО қосымшасын Google Play және App Store арқылы жазып алуға болады.

Ержан Әбіш

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу