KZ
Өскемен
-19°
туман Штиль
505.71 591.43 6.65

Өскеменде тұрғын үй кешеніндегі алаяқтық іс бойынша үкім шықты

altainews.kz

18.09.2025, 15:30 211 Төлеуғазы Жансая

 

2025 жылғы 11 тамызда Өскемен қаласының №2 соты «Royal Finance Group» ЖШС-нің құрылтайшысы Д.У. Уалиев пен директоры А.Т. Халиковқа қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Тергеу барысында олардың құрылысқа үлестік қатысу туралы заңнама талаптарын өрескел бұзып, уәкілетті құжаттары болмағанына қарамастан азаматтармен «Emeralds» тұрғын үй кешеніндегі пәтерлерді брондау жөнінде жалған шарттар жасағаны анықталды. Нәтижесінде 103 азаматтан 1,8 млрд теңгеден астам қаражат заңсыз жиналып, құрылыс аяқталмаған.

Сот олардың әрекеттерін ҚР ҚК-нің 195-бабы 5-бөлігі бойынша («Алдын ала сөз байласқан адамдар тобы жасаған алдау арқылы мүліктік зиян келтіру») саралап, Уалиевті 7 жылға, Халиковты 6 жылға бас бостандығынан айырды. Сонымен қатар, екеуі де 10 жыл мерзімге құрылыс саласында қызмет атқару құқығынан айырылды. Жәбірленушілердің талап арыздары сотпен толық қанағаттандырылып, сотталғандардың 2 млрд теңгеден астам мүлкіне қойылған тыйым сақталды. Үкім заңды күшіне енген жоқ. Өскемен қаласының прокуратурасы азаматтарды үлестік қатысу шарттарын рәсімдеу кезінде қырағылық танытып, құрылыс салушылардың заңды рұқсат құжаттарының бар-жоғын тексеруге шақырады,- делінген ресми хабарламада.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу