ШҚО-да үлестік құрылыс саласында заң бұзушылықтар анықталды
Фото: ӨКҚ
Құрылыс салушылардың заңсыз әрекеттерінен 200-ден астам азамат зардап шеккен. Бұл туралы ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасы басшысының орынбасары Самат Қайырдинов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлімдеді,- деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Бүгінгі күні ШҚО-да 73 көппәтерлі тұрғын үйдің құрылысы қарқынды түрде жүргізілуде. Олардың ішінде 20 тұрғын үй бюджет қаражаты есебінен салынуда, ал 53 тұрғын үй жеке инвесторлардың қаржыландыруымен жүзеге асырылып жатыр. Әсіресе, Өскемен қаласында коммерциялық құрылыс белсенді дамып келеді.
ШҚО Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының хабарламасы бойынша, заң бұзған құрылыс салушыларға қатысты бірнеше әкімшілік іс қозғады. Тізімге кірген тұрғын үй кешендері: «Ray Residense», «Park Line», «Renesans 3», «Tumar Towers», «Viva Park», «Кристал», «Grand Residense».
«Royal Finance Group» ЖШС және «Elit Stroy Group» ЖШС әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Негізгі бұзушылықтар үлескерлердің қаражатын заңсыз тартумен байланысты, осы жағдай бойынша ТОО «Royal Finance Group» және ТОО «Elit Stroy Group» компанияларына әкімшілік айыппұлдар салынды.