Жеңіс Ысқақова: Димашқа "ойланбастан кет" дедім
Жеңіс Ысқақова «Ұйқым келмейді» жобасында қонақ болды.
Әнші өзінің ұстаздық қызметі мен шәкірттері туралы баяндады, деп хабарлайды Altaynews.kz сайты.
– Мен сияқты ұстаз жоқ. Бірақ, журналистер айтқандай, мен Димаштың ұстазы емеспін. Біреудің еңбегін өзімнің еншіме алғым келмейді. Димаштың ұстазы – Марат Айтымов деген менің досым, Қызылорданың тумасы. Өмір бақи Димаш соның шәкірті ғана болып қалады. Димаш Қазақ ұлттық өнер университетінде оқыған кезде мен сол университеттегі «Эстрада және вокал» кафедрасының меңгерушісі болдым. Бірақ оған ұстаздық етіп, еңбегім сіңген жоқ. Мен оған тілекші болдым. «Егер шетелден ұсыныстар түсіп жатса, ойланбастан кет» деп Димашқа кеңес айтқаным бар, – деп бөлісті әнші.