KZ
Өскемен
-15°
туман жел 1 м/с, В
495.28 518.41 5.44

Димаштың «батысқа жорығы» басталды

17.02.2020, 04:41 242

Димаш Еуропа қалаларына концерт беруді бастады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Әйгілі әнші 16 ақпан күні Ресейдің Краснодар қаласында «Арнау» бағдарламасымен концерт берді. Dimashnews-тің мәлімдеуінше, 7500 адамға арналған Баскет-холл залы лық толған. Димаштың әнін тыңдау үшін Ресейдің басқа аймақтарынан келген адамдар аз емес көрінеді.

Бұған дейін хабарлағанымыздай Димаш Құдайберген Еуропаның 11 қаласында концерт береді. Енді Димаш 20 ақпанда Қазанда (Татарстан, Ресей), 23 ақпанда Екатеринбургте (Ресей), 7 наурызда Ригада (Латвия), 9 наурызда Мәскеуде (Ресей), 11 наурызда Киевте (Украина), 19 наурызда Гамбургте (Германия), 21 наурызда Дюсселдорфта (Германия), 23 наурызда Штутгардта (Германия), 25 наурызда Прагада (Чехия) және 4 сәуірде Минскі (Беларусь) сахнасында ән салады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу