Тарбағатай тұрғыны мылтықты заңсыз сақтаған

Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында полиция бөліміне аудан тұрғындарының бірінен тіркелмеген қаруды заңсыз сақтайтыны туралы ақпарат келіп түсті.
Келіп түскен сигналды тексеру барысында 51 жастағы ер адам анықталды, оның тұрғылықты жерін тексеру барысында үйінен мылтық табылды.
Сараптама қорытындысына сәйкес, табылған зат калибрі 5,6 мм «ТО3-16» ойық атыс қаруы болып табылады.
«Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Аталған азаматта қарудың болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады», - деп хабарлайды ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Аталған баптың санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.
Сонымен қатар, Полиция департаменті полицияға тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған азаматтар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.