Қазақстанда қазақ ұлтының үлесі 70 пайыздан асты
Қазақтардың үлесі 70,4% дейін өсті, деп хабарлайды stat.gov.kz сайты.
Ұлттық санақтар бөлімінде Қазақстан Республикасы халқының ұлттық құрамы, діні және тілдерді меңгеруі бойынша екінші тақырыптық жинақ жарық көрді.
2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша қазақтың саны 13,4 млн, 2009 жылдан бергі өсім – 33,7% (10 млн – 2009 ж.), жалпы халық санындағы қазақтардың үлесі – 63,1%-дан 70,4%-ға дейін өсті. Сондай-ақ, саны көп ұлттар қатарында орыстар – 2,9 млн адам, өзбектер – 614 мың адам, украиндар – 387 мың адам және ұйғырлар – 290 мың адам.
Оқи отырыңыз