Травматолог қыста мұз үстінде құлап қалсаңыз қалай әрекет ету керегін айтты
Shutterstock
Қыста адамдардың тайып құлап, жарақаттану қаупі жоғары.
Травматолог Рашид Саидов мұзға тайып құлағаннан кейін бас айналмауы үшін не істеу керегін түсіндірді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі Лента.ру-ға сілтеме жасап.
Травматолог құлағаннан кейін ең бастысы - тыныштықты сақтау екенін айтты. Отырып, мұқият айналаңызға қарау керек. Күші бар аяққа сүйеніп, салмақ салып, баяу көтерілу керек. Егер жақын жерде орындық болса, оған отыру керек.
"Айналаңыздағы адамдардан көмек сұраңыз немесе туыс, достарыңызға қоңырау шалыңыз, 112 шақырыңыз. Ең бастысы - сабырлы болыңыз, жарақат алғаныңызды сезсеңіз де дүрбелеңге түспеңіз", - деді Рашид Саидов.
Айналаңыздағы адамдардан көмек күтіп отырған уақытта жарақат алған жеріңіз қатты ісініп, қабынып, қан кетпеуі үшін 5-10 минут қар не салқын жерге басуға болады. Қар не салқын зат болмаса, дәл осындай нәтиже болуы үшін зақым алған жерді бекітіп, тыныштандыратын тығыз таңғыш орап алыңыз.
Ортопед, егер құлаған кезде ауыр жарақат алған болсаңыз, травматологқа бару керек екенін ескертті. Себебі қандай зақым болмасын оны тек маман арнайы терсеру арқылы ғана анықтай алады.