KZ
Өскемен
-7°
туман жел 2 м/с, З
495.28 518.41 5.44

Қар тазалаймын деп көпқабатты үйдің төбесінен құлады - ШҚО

24.03.2021, 15:12 153

ШҚО-да Алтай қаласының тұрғыны қар тазалап тұрып төрт қабатты үйдің төбесінен құлап, жарақат алмады. 

Полицейлердің айтуынша, оқиға 21 наурызда болған, ал ер адамның құлаған видеосы жақында @osa.uka парақшасында жарияланды. 

"Сағат 13 шамасында Алтай қаласында Космонавттар көшесінде 33 жастағы ер адам қар тазалау кезінде 4 қабатты үйдің төбесінен құлап түсті. Жарақат алған жоқ. Ауруханаға хабарласпады", - деді ШҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.


Полиция қызметкері ер адам құлағаннан кейін қайта қар тазалауға шатырға шыққанын атап өтті. 

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу