KZ
Өскемен
-14°
туман жел 1 м/с, С
495.28 518.41 5.44

ШҚО-да 3 мыңға жуық баланың тілегі орындалды

1.06.2021, 14:37 340

Бүгін Халықаралық балаларды қорғау күнінде үш айға созылған «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясы аяқталды. 2016 жылдан бері Шығыс Қазақстан облыстық білім берудегі жаңа технологиялар орталығы қайырымдылық акциясын өткізіп келеді. Акцияның алты жылында бүлдіршіндердің 13 мың тілегі орындалды. Биыл балаларды қуанту 1 наурыздан басталған.

- Акция барысында Tylek.kz сайтында ерекше қажеттіліктері бар балалар мен жасөспірімдерден, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан, ата-әжелері қамқоршы және ата-аналары мүгедек балалардан 2944 тілек хаттар орналастырылып, орындалды, - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Шағын хаттарында шығысқазақстандықтар әр түрлі өтініштерін білдірді. Оның ішінде қуыршақтар, велосипед, коньки, шаңғы, киім-кешектер, оқу құралдары мен кеңсе тауарлары да бар. Облыстың жанашыр халқының арқасында балалар барлық қалаған сыйлықтарын алды. Ең белсенді демеушілер облыстық Білім басқармасының Алғыс хаттарымен марапатталды.
 

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу