KZ
Өскемен
-12°
туман Штиль
495.28 518.41 5.44

Дүкенге бара жатқан қарияны иттер талай жаздады – Үржар

8.04.2021, 17:34 275

Үржар ауылының егде жастағы тұрғыны күндіз сағат 14.30 кезінде үйінің маңында орналасқан дүкендердің біріне бара жатқан.

Тұрғынның сөзінше, дүкенге бара жатқанда артқы жағынан иттердің үрген дауысы естілген, бірақ оған еш мән бермеген. Кенет тұтқиылдан қаңғыбас иттердің бірі азаматқа тап беріп, үстіне секірген. Қария иттердің біреуін итеріп, тас лақтырған. Бірақ оған сескене қоймаған иттер қайтадан тап бермек болған.

Дәл сол уақытта Үржар ауылында күндізгі патрульде жүрген полиция қызметкерлері азаматтың келеңсіз жағдайға тап болғанын көріп, бұрылған.

- Қаңғыбас иттердің егде жастағы азаматқа тап бергелі тұрғанын көрген полиция қызметкерлері көліктерінен сигнал беріп, қорқытып, иттерді қуып жіберді. Абырой болғанда азаматтың денсаулығына еш зиян келмеген, - деп хабарлайды ШҚО ПД Баспасөз қызметі.

Дер кезінде келіп құтқарып алған полиция қызметкерлеріне аудан тұрғыны көзіне жас алып, ризашылығын білдірді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу