"Найди меня". ШҚО-да баланың жүрген жерін анықтайтын мобильді қосымша іске қосылады
![](/kz/uploads/posts/iblock/bcc/bcc3ad8a228fcde82538eb73ef6189ba.jpeg)
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев есеп беру кездесуі барысында ағымдағы жылы құқық бұзушылықтар туралы хабарламаларды қабылдаудың жаңа тәртібін қамтитын, оның ішінде бейне қоңырау шалу немесе фото-бейне материалдарды жіберу мүмкіндігі бар «102» мобильді қосымшасы жүйесінің іске қосылғанын айтты.
- Техниканың бұл түрі полиция қызметкерлеріне азаматтың тұрған жерін жедел анықтауға және тез арада кезекші нарядты жіберуге мүмкіндік береді, -деп атап өтті Сағат Мадиев.
Цифрландыру аясында балалар қауіпсіздігі бойынша «Найди меня» жүйесі іске қосылды. Аталған мобильді қосымша балалардың киіміндегі трекерлердің көмегімен олардың қайда жүргендерін қадағалайды.
- «SOS түймешесі» және (азаматтардың автомобиль жолдарында және қоғамдық орындардағы қозғалысы кезінде құтқару және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған) өзге де электрондық бақылауға арналған құралдар (білезіктер және смартфондар),- деп түсініктеме беріп өтті ШҚО ПД бас полицейі.
Сонымен қатар, Сағат Мадиев жергілікті полиция қызметін реформалау жалғастырылып жатқандығын, қызметкерлері халықпен тығыз қарым-қатынас жасайтын, полиция қызметкерлерінің тарапынан дөрекілік пен бейтараптық көріністерінің себептері мен жағдайларын болдырмауы тиіс болып саналатын осы бөліністердің жұмыс алгоритмі, стандарттары қайта қарастырылып жатқандығын да атап өтті.