Биыл Семейге де "Сергек" орнатылады - Даниал Ахметов
Ағымдағы жылы Семей қаласына 1300 «Сергек» бейнекамерасы орнатылатын болды, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Семей қаласының тұрғыны Ботабек Бейбітұлы «Сергек» видеотіркеу жүйесі Өскемен қаласында өзінің тиімділігін көрсетіп жатқанын, ал Семей қаласына қашан орнатылатыны туралы сұрады.
- Расыменде аталған видеотіркеу жүйесін өзінің тиімділігін көрсетті. Өткен жылы облыс орталығында осы жүйенің арқасында 7 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық, 144 қылыстық іс ашылды. Сонымен қатар қоғамдық орындарда қылмыс жасау 34%-ға, қала көшелерінде 35%-ға, жол-көлік оқиғалары 36%-ға, қаза болғандар саны 3 есе төмендеген. - деді Даниал Кенжетайұлы.
Сондай-ақ аталған «Сергек» бейнекамерасы осы жылы Семей қаласында да орнатылатынын айтып өтті.
- Біз осы жобаны Семей қаласында да іске қосамыз. Жалпы осы жылдың ішінде 1300 бейнекамера орнатылатын болады. Оған жұмсалатын қаржының жалпы сомасы 4 млрд. теңгеден асады.