KZ
Өскемен
-27°
туман жел 1 м/с, С
509.63 592.34 6.54

Инватакси балаларды тасымалдауды жалғастыра ма? – ШҚО әкімі ата-аналарға жауап берді

26.02.2021, 12:33 366
Өскемендегі аутизм және сал ауруына шалдыққан балаларға арналған оңалту  орталығы былтыр жабыла жаздап, мүгедек балалардың ата-аналарын біраз әбіргерге салғаны бар. 
Бұл іске ел Президенті мен облыс әкімі араласып, мәселені шешкен. Өскемен тұрғыны Индира Секенова осы мәселені шешуде атсалысқан облыс әкіміне алғысын білдіріп, алаңдатқан сұрағын әкімнің есеп беру кездесуінде қойды. 
- Орталықтың тағдырына алаңдап, өткен жыл біз, мүгедек балалардың ата-аналары үшін қиын болды. Дегенмен, оң шешіліп, сізге алғысымызды білдіреміз. Оған қоса, инватакс қызметі де жүзеге асырылды. Сұрақ: Ағымдағы жылы балаларды таксимен тасымалдау жұмыстары жалғаса ма?
ШҚО әкімі Даниал Ахметов:
- Орталық біздің ерекше бақылауымызда. Ағымда жылы да балалар арнайы таксимен тасмалданатын болады.  Оға 30 млн теңге бөлдік. Керек болса, тағы қосымша бөлеміз. Көмектесуге әрдайым әзірміз, - деп жауап қатты әкім. 
Айта кетейік, ақылы қызмет көрсетумен айналысатын басқа орталық наразылық білдіріп, сот үкімі «мемлекеттік тапсырыс заңсыз» дегендей себеппен аталмыш орталықтың жұмысын тоқтатпақ болған.
Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу