Мемлекеттік бағдарламалар аясында 19 мыңға жуық жас жұмыспен қамтылды - ШҚО
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жыл басынан бері жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 19 мыңға жуық жас жұмыспнен қамтылды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов онлайн-есеп беру кездесуінде айтты, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Өткен жылы «Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары 1200-ден астам адамды жұмыспен қамтыған.
- Оның ішінде 522 көпбалалы және аз қамтылған отбасынан, 195 толық емес отбасынан, 9 жетім, 3 мүгедекті жұмыспен қамтылды, - дейді Даниал Ахметов.
Сондай-ақ «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасы бойынша 383 жас маман тұрғын үй сатып алу үшін 1,5 млрд. теңге бюджеттік несие, 125,7 млн. теңге сомасына 459 көтерме жәрдемақы алған.
- Еңбек ресурстарын дайындау үшін «Жас Маман» техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін дамыту жобасы іске асырылуда. 5 базалық колледж жанынан Құзыреттілік орталықтары құрылды. 2021 жылы тағы да осындай 5 Орталық ашылады. 10 орталықты жабдықтауға 2,7 млрд. теңге бөлінді, - дейді облыс әкімі.