Даниал Ахметовтың жыл сайынғы есептік кездесуі басталды
Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың халық алдында есеп беру кездесуі өтіп жатыр. Аймақ басшысы өткен жылды қорытындылап, 2021 жылға арналған жоспарлар туралы баяндайды.
Коронавирус пандемиясына байланысты биыл есепті кездесу онлайн форматта ұйымдастырылды.
- Өткен жылы ШҚО-да әлеуметтік-экономикалық дамудың оң қарқыны сақталды. Инвестициялар көлемі 112%-ға, құрылыс жұмыстары - 127%-ға, өнеркәсіп өндірісі-101,5%-ға, ауыл шаруашылығы-102,6%-ға өсті. 118% өсіммен 520 мың шаршы метрден астам тұрғын үй пайдалануға берілді, - дейді аймақ басшысы Даниал Ахметов.
Мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер 50%-ға, оның ішінде жергілікті бюджетке түсетін түсімдер 20%-ға ұлғайған. Жұмыссыздық 4,9%-дан аспайды (ҚР бойынша-5%). Орташа айлық жалақы 18%-ға өсіп, 190 мың теңгені құрап отыр.