KZ
Өскемен
+16°
ясно жел 2 м/с, Ю
443.35 475.54 4.82

Көктайғақ: Бүгін ШҚО-да жолдың барлығы ашық тұрған жоқ.

19.02.2021, 10:19 344

Шығыс Қазақстан облысында бірқатар тасжол жабылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақавтожол» ЖШС ШҚОФ мәліметіне сүйенсек, 19 ақпанда сағат 08.20-да ауа райының нашарлауына, нақты айтқанда жаңбыр жауып, көктайғақ болуына байланысты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының 756-906-шақырымында (Семей қаласы мен Қалбатау ауылының арылығы) автокөліктің барлық түріне жүруге тыйым салынды.

«Сондай-ақ «Өскемен-Семей» тасжолының 10-198 шақырымында, «Омбы-Майқапшағай» жолының 587-733 шақырымында (Павлодар облысының аумағы мен Семей қаласының аралығы), «Семей-РФ шекарасы» автожолының 3-113 шақырымында (Семей қаласы-РФ шекарасының аралығы) көлік қозғалысына шектеу қойылды» делінген хабарламада.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив