KZ
Өскемен
-1°
пасмурно жел 3 м/с, Ю
495.95 524.37 4.98

Жақсылық Омар Өскемендегі көпір құрылысының неге тоқтап қалғанын айтты

5.02.2021, 11:45 292

Өскемендегі Ертіс көпірін жөндеу жұмысы көктемде қайта жанданады, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Бұл туралы қала әкімі Жақсылық Омар тұрғындармен есептік кездесуінде айтты. Онлайн жиында Қуаныш Демеген есімді тұрғын:

– Жөндеу жұмыстарынан кейін Ертіс көпірінің асты, жағалау түгел қоқысқа толып кетті. Жұмысшылар қалдықтардың бәрін тастап кеткенге ұқсайды. Қоқыстар жел соққанда үйлердің ауласына дейін ұшып келеді. Ертіс жағалауы жаз кезінде серуендейтін әсем орындардың бірі еді. Қазір барғың келмейді. Сондықтан қандай да бір шара қолдану керек, – деді.

Қала басшысы аталмыш көпірдің жөндеу жұмысы бұрынғы мердігердің жауапсыздығынан тоқтап қалғанын, осы уақытқа дейін олармен соттасқанын айтты.

Ең жақсысы – сотта біз жеңіп шықтық. Қазіргі уақытта жаңа мердігер де таптық. Ол жергілікті компания. Ертіс көпірі көктемде қайта жөнделеді. Содан кейін көпірге қатысты сұрақтар толығымен жабылады. Кезінде жұмыстар аяқасты тоқтап қалғандықтан, сіздер айтып отырған келеңсіздік пайда болды. Биыл жөндеу жұмыстары толық аяқталған соң, көпірдің айналасы түгел абаттандырылады, – деді Жақсылық Омар.


Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу