KZ
Өскемен
-9°
облачно с прояснениями жел 3 м/с, С
498.34 519.72 4.85

Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы жаңа атауға ие болды

27.01.2021, 10:48 377

«Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымы «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ипотекалық ұйымының атауы «Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ болып өзгертілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресми қайта тіркеу 2021 жылғы 26 қаңтарда тіркеуші органда жүзеге асырылды.

Естеріңізге сала кетейік, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингінің тұрғын үй блогы үш еншілес компанияны – «Бәйтерек девелопмент» АҚ, «Тұрғын үй құрылысына кепілдік беру қоры» АҚ және «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ Қазақстанның тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторына біріктіру арқылы өзгертілді.

2020 жылғы 8 шілдеде Қазақстан Президенті «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй бағдарламалары операторларының санын қысқарту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» тиісті Заңға қол қойды.

«Қазақстан тұрғын үй компаниясы» АҚ-ның жалғыз акционері 100% мемлекеттік акциялар пакетіне иелік ететін «Бәйтерек» холдингі болып қала береді. Біріккен компания Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы ретінде мынадай негізгі бағыттар бойынша жұмысын жалғастырады:

- ипотекалық қарыздар беру;

- кейіннен сатып алу құқығымен жалға берілетін тұрғын үй беру;

- мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде құрылыс салушыларға кредит беру;

- жеке құрылыс салушылардың кредиттерін және ипотекалық қарыздарды субсидиялау;

- тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және инвестициялық жобаларды іске асыру;

- тұрғын үй құрылысының аяқталуына кепілдік беру.

Осылайша, Қазақстан тұрғын үй компаниясы ел халқын сапалы және жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етуді арттыруға бағытталған мемлекеттік шараларды одан әрі іске асыруды, оның ішінде құрылыс саласын қолдау, тұрғын үй нарығындағы сұраныс пен ұсыныстардың теңгерімді өсуі үшін жағдай жасау және ипотекалық кредит беру жолымен қамтамасыз етеді.

Қазақстан Үкіметінің 2020 жылғы 8 қыркүйектегі № 557 қаулысына сәйкес «Қазақстан ипотекалық компаниясы» ИҰ» АҚ-на Тұрғын үй құрылысының бірыңғай операторы мәртебесі берілгенін атап өту керек.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу