Еңлік дауыс беріп, "Raffaello" алды
Өскемен қаласының тұрғыны Еңлік Кәрімова алғаш рет дауыс берді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Он сегізге енді толған Еңлік ел ертеңіне елгезектікпен қарайды. Сондықтан да бүгін 49 мектептегі 53 сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауын жасады.
- Бұл мен үшін зор мақтаныш. Бүгінгі таңдауым жарқын болашаққа жасалған алғашқы қадам деуге де болады. Мен ел ертеңіне, яғни жастарға және өзіме сенемін, - дейді Шығыс Қазақстан техникалық университетінің 2 курс студенті.
Комиссия өкілдері Еңлікке жоғары жауапкершілігі үшін рақмет айтып, "Raffaello" тарту етті.

Оқи отырыңыз