«Nur Otan» партиясы сайлауалды штабы тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда
Алдағы 10 қаңтарда елімізде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі және мәслихаттардың сайлауы өтеді. Осы орайда «Nur Otan» партиясы сайлауалды штабы тарапынан нақты жұмыстар атқарылуда
Бұл туралы «Nur Otan» партиясы Тараз қалалық сайлауалды штабының төрағасы Батырбек Құлекеев не дейді?
- Тараз қаласында 11 округ барын ескере отырып, үгіт - насихат жұмыстарын ұйымдастыратын штаб мүшелерінен жасақталған 11 мобильдік топ құрылған. Одан бөлек Тараз қаласында 167 еріктілер жасақталған. Кандидаттар мен еріктілер бөлінген 11 округ бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, тиісті көрнекті құралдарды орналастырумен айналысуда. Шағын және орта бизнес нысандарында шаралар өтетін орын иелерімен және БАҚ өкілдерімен келісімшартттар жасалды.