«Ақ жол» партиясы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысын жалғастырады
Қазақстанда «Ақ жолдың» 2019 жылдың мамырынан бері талап етіп келе жатқан сыбайлас жемқорлық бойынша сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұл жайында «Ақ жол» демократиялық партиясының баспасөз қызметі хабалады.
Қазақстанда сыбайлас жемқорлық үшін сотталғандарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатуға тыйым салынды. Бұл туралы БАҚ-да ресми түрде хабарланды. Президент сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша бірқатар заңдарға қол қойды. Қылмыстық кодексте ауыр және аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босату мүмкіндігі алынып тасталды. Сонымен қатар, «сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мемлекеттік қызметкерлер үшін шетелдік банктік шоттарды иеленуге шектеумен толықтырылады.
Айта кетейік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және экономиканы деофшоризациялау мәселелері - «Ақ жол» демократиялық партиясы қызметінің басты бағыттарының бірі. «Ақ жол» осы мәселе бойынша Үкімет пен Бас прокуратураның құзырына ондаған рет депутаттық сауалдар жіберген болатын.
2019 жылдың 22 мамырында Азат Перуашев келесідей сауал жолдады:
• Сыбайлас жемқорлық үшін сотталған адамдарды мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою;
• Жемқорларға, тіпті жазасын өтегеннен кейін де, ұрланған қаражатты толық өтегенге дейін елден кетуге тыйым салу;
• Жоғары қызметтегі мемлекеттік қызметшілердің (үкімет мүшелерін қоса алғанда), ұлттық компаниялар басшыларының шетелдік шоттары үшін банк құпиясы
қағидатын алып тастау.
Сауалда маңызды міндет тек қайтару ғана емес, сонымен қатар заңсыз капиталды шетелге шығарудың жолын кесу болып табылатыны атап өтілді.
«Тіпті сотталған болса да, олар бір жарым жылдан кейін мерзімінен шартты түрде босатылып шығып, өз капиталдарын үлкейту әрекеттерін жалғастыруды көздейді. Бұл уәжді Батыс мемлекеттері бірінші болып анықтады. Осыған байланысты, мысалы, АҚШ-тың бірқатар штаттарында сыбайлас жемқорлық үшін 10-15 жылға сотталған адамдарды мерзімінен бұрын босатуға тыйым салынады», – делінген сұрауда.
Осыған байланысты «Ақ жол» фракциясы «гуманизациялау» деген атпен жемқорлардың әрекеттеріне көз жұмуды тоқтатуды талап етті.
«Адамгершілік халықты тонап жүргендерге көрсетілмеуі керек», – деп атап өтілді сауалда.
«Ақ жол» демократиялық партиясы қабылданған өзгерістерді құптайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмысты жалғастыратынын мәлімдейді.