KZ
Өскемен
-13°
плотный туман Штиль
498.55 524.28 4.75

«Ақ жол» партиясы сайлаушылардың пікірін тыңдады

22.12.2020, 11:24 395
«Ақ жол» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің депутаттығына кандидат Алмас Бадашевтің сенімді өкілдері мен Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының кандидаттары Жаңақала ауданының сайлаушыларымен кездесті.
 Үгіт-насихат тобы «Ақ жолдың» сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, партия жұмысы туралы сөз қозғады.
 «Бүгінгі таңда «Тіл тағдыры – ел тағдыры» деп түсініп, тілдің қоғам өміріндегі қолданысына, оның бүгінгі мен болашағына толғанатын біздің партия тіл мәселесіне ерекше назар аударып отырғанымыз анық. Тілді тіл ғылымы мен әдебиеттің нысаны етумен ғана шектелмей, бүкіл Қазақ елінің ұлттық сұранысы мен мемлекеттік мәртебесіне айналдыру – қашанда өзекті мәселе. Мемлекеттік тілге деген құрмет пен ықылас ұлттық сананың биігіне көтеріліп, жалпыхалықтық мүдде кеңістігіне шығуы қажет», – деді Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына кандидат Ержан Хасанов. «Ақ жол» демократиялық партиясы алдағы уақытта да Қазақстанның ұлттық мүдделеріне, парламенттік институттарды енгізуге, нарықтық экономиканы дамытуға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті жүргізуге қызмет етеді. Осы ретте сайлаушылар дұрыс таңдау жасап, «Ақ жол»-мен бірге қиындықты еңсеріп, түбегейлі өзгерістерге жол ашатынына сенім білдірді. «Ақ жол» демократиялық партиясының кандидаттары тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, сайлаушылардың пікірін тыңдады.

Turkystan.kz

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу