KZ
Өскемен
+8°
переменная облачность Штиль
478.93 534.96 5.16

Глубокое ауданында «Қашықтықты сақта!» акциясы басталды

7.12.2020, 15:34 233

Оның басты мақсаты – халыққа қашықтықты сақтау, маска кию, қолды жиі жуу, дезинфекциялық құралдарды қолдану және адамдармен тікелей байланысты болдырмау қажеттілігі туралы жеткізу.

Акцияға ауданның барлық ұжымдары, оның ішінде ақпаратты белсенді жеткізуші болып табылатын мектеп ұжымдары қатысты.

Барлық ауылдық округтердегі және кенттегі әкімдік аппаратының қызметкерлері ауданда індеттің одан әрі таралуына жол бермеу бойынша түрлі іс-шаралар жүргізуде. Зейнеткерлерге санитарлық нормаларды сақтау туралы жадынамалар таратылды, дауыс күшейткіш арқылы халықты хабардар ету де үнемі жүргізіліп отырады. Барлық елді мекендерде " Маска тағыңыз, қашықтықты сақтаңыз!» баннерлері ілінді.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив