Егер үй карантинінде отырсаңыз. Не істеу керек және не істемеу керек?
Бұл туралы ШҚО, Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің орынбасары Марат Исмаилов айтып берді деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.
Мәліметтерге сүйенсек, үй карантині 1-б санатындағы елден шыққан күннен бастап немесе COVID-19 расталған жағдаймен соңғы әлеуетті байланыс сәтінен бастап 14 күнге созылады.
Үй карантинінің мақсаты - аурудың әлеуетті көздерінен COVID-19 жұқтырудың алдын алу және Қазақстан аумағында коронавирустың таралуының алдын алу.
Үй карантинін ұйымдастыру үшін тұру жағдайларына қойылатын талаптар:
Мынадай талаптар /жағдайлар сақталған кезде карантин үйде болуы мүмкін:
1. Байланыста болған адам (байланыста болған адамдар) көршілерден (отбасының басқа мүшелерінен) оқшаулана алатын жеке пәтер (жеке дәретханасы бар жеке бөлме) бар.
2. Байланыста болған адам және отбасының/үй шаруашылығының басқа да мүшелері жеке қорғаныш құралдарына (бетперделер, қолғаптар) қол жеткізе алады және сақтық шараларын сақтауға (қолды сабынмен жиі жууға, ылғалды тазалау жүргізуге, үй-жайларды желдетуге) қабілетті.
3. Үй шаруашылығында COVID-19 жұқпасынан кейін асқыну қаупі жоғары адамдар жоқ (65 жастан асқан адамдар, 5 жасқа дейінгі балалар, жүкті әйелдер, иммунитеті әлсіреген немесе жүректің, өкпенің немесе бүйректің созылмалы аурулары бар адамдар).
4. Стационарлық телефонға немесе ұялы байланысқа қол жеткізу мүмкіндігі бар.
5. Үй карантинін сақтау шарттарын міндетті түрде орындау туралы қол қойылған қолхаттың болуы.
6. Тұлға міндеттемелерді алуға келіскен жағдайда, оны сақтау туралы қолхат жеке қолымен расталады.
Көрсетілген талаптарды сақтау мүмкін болмаған кезде карантин карантиндік стационарда жүзеге асырылады.
Үй карантиніндегі адам үшін нұсқаулық:
1. Үйден шықпау.
2. Пәтерде басқа отбасы мүшелері тұрған жағдайда есігі жабық жеке, жақсы желдетілетін бөлмеде болу қажет. Бөлмеден шығуға тек қажетті процедуралар үшін және қысқа уақытқа рұқсат етіледі, бұл ретте ауыз бен мұрын бетпердемен жабылуы тиіс.
3. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықпен жабу керек. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу қажет.
4. Тамақтану алдында, сондай-ақ дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды қолданған жөн.
5. Мүмкіндігінше жеке дәретхананы пайдалану.
6. Температура немесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде КВИ бойынша колл-орталыққа хабарласу немесе карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсетіп, жедел жәрдем шақыру.
Үй карантині қамтамасыз етілетін үй шаруашылығы мүшелеріне арналған нұсқаулық:
Карантин бөлмесіне кіретін үй шаруашылығы мүшелерінің санын қысқарту ұсынылады, артықшылық созылмалы аурулармен ауырмайтын бір сау адамға берілуі тиіс.
1. Бөгде адамдарды келтірмеу.
2. Үй шаруашылығының барлық мүшелері жиі қолдарын жуу керек.
3. Карантин бөлмесіне кірер кезде ауыз бен мұрынға тығыз жанасатын медициналық бетперде кию қажет. Егербетпердедымқылнемесе лас болса, оны дереужаңабетпердемен ауыстыруқажет. Тиістітехниканыпайдаланаотырып -яғниалдыңғыбөлігінұстамау арқылыбетперденішешу.
4. Карантиндегі адаммен, беткейлермен, киіммен, төсек-орынмен және карантиндік бөлмеде ыдыс-аяқтармен кез келген байланыста бір реттік қолғаптарды пайдалану.
5. Күн сайын карантиндегі адамның бөлмесіндегі беткейлерді тазарту және дезинфекциялау.
6. Карантиндегі адамның барлық кір киімдерін жуғанға дейін оның бөлмесінде осы үшін бөлінген пакетте ұстау қажет. Жууды әдеттегі жуу құралымен жүргізу қажет.
7. Карантиндегі адам пайдаланған заттарды бірлесіп пайдаланудан бас тарту.
Үй карантиніндегі барлық отбасы мүшелері үшін нұсқаулық:
1. Барлығы дене қызуын күніне 2 реттен кем емес өлшеуі керек.
2. Үй-жайларды күніне кемінде 2 рет желдету.
3. Күн сайын ылғалды тазалау.
4. Жиі қолды сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу. Қолды сүрту үшін бір реттік майлықтарды қолданған жөн.
5. Отбасының әрбір мүшесіне жеке ыдыс-аяқ, жеке гигиена құралдарын пайдалану.
6. Бөгде адамдарды келтірмеу.
7. Вирустың таралуын болдырмау үшін түшкіргенде немесе жөтелгенде ауыз бен мұрынды бір реттік майлықпен жабу. Осыдан кейін қолды сабынмен жуу немесе спирттік негіздегі антисептикпен өңдеу.
8. Отбасының/үй шаруашылығының кез келген мүшесінде дене қызуынемесе әлсіздік белгілері пайда болған кезде, карантин туралы хабардар етіп және өтініш беру себебін көрсете отырып, колл-орталыққа дереу хабарласу немесе жедел жәрдем шақыру.