KZ
Өскемен
-2°
небольшой снег жел 4 м/с, СБ
511.22 540.05 4.73

Зайсан ауданын дамытуға 21,8 млрд теңге бөлінеді

30.11.2020, 12:10 212

2020-2024 жылдарға арналған Зайсан ауданын дамыту жоспарын жүзеге асыруға 21,8 миллиард теңге бөлінеді деп жоспарлануда.


Белгілі болғандай, шекара маңындағы аудандарды дамытуға бағытталған кешенді жоспар аясында барлығы 157 жоба жүзеге асырылмақ. Ағымдағы жылдың өзінде 3,2 миллиард теңгеге жуық сомаға 83 жоба іске асырылуы тиістін.


Кешенді жоспарға енген жобалар негізінен өңірдің ауылшаруашылығы, кәсіпкерлік, сауда, туризм, инфрақұрылым және әлеуметтік салаларын дамытуды көздейді. Мәселен, бүгінде Дайыр ауылының іргесінен минералды ауыз су мен алкогольсіз сусындар шығаратын зауытының құрылысы жүргізілуде.

Аудандық әкімдіктен хабарлағандай, іске асырылып жатқан жобалардың басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, елді мекендердегі инфрақұрылымды дамыту, жаңа жұмыс орындарын құру, инвестициялар тарту, кәсіпкерлікке қолдау көрсету және әлеуметтік салаға қатысты проблемаларды шешу екен.

Оқи отырыңыз

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу