KZ
Өскемен
-7°
переменная облачность жел 5 м/с, В
516.93 542.52 4.98

ШҚО-да зертханаларға қандай ұйым тексеру жүргізетіндігі туралы айтылды

25.11.2020, 09:39 326

ПТР зертханалары күніне көптеген зерттеулерді жүргізеді. «COVID-19» ПТР тестілеуді сапалы жүргізуді қамтамасыз ету үшін зертханаларды жиі тексеріп отыру қажет. ШҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде осы тексерулермен қандай ұйым айналысатыны туралы айтылды.

СЭБД өкілі Талғат Тұңғышбаевтың айтуынша, тексерулерді Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының «Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы жүзеге асырады.

Ағымдағы айда 20 оң үлгі есептері қоса ұсыныла отырып, зертханаға қайта тестілеуге жіберілді.

Жалпы, коронавирустық инфекцияның эпидемиологиялық кезеңі басталғаннан бері облыс бойынша 15 зертхана жұмыс істеуде.

Барлығы 375 мыңнан астам адам тексерілді, 15 417-де оң нәтиже тіркелді, бұл жалпы санының 4.1% құрайды.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу