KZ
Өскемен
+1°
туман жел 4 м/с, Ю
495.2 522.34 4.94

"Ештеңеден қорықпаңыздар". Nur Otan партиясының өкілдері этномәдени бірлестіктермен кездесті

29.12.2020, 16:29 441

Кездесу барысында үміткерлер «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!» атты сайлауалды бағдарламасы аясында жастарды қолдау шараларына кеңінен тоқталып өтті.

"Жастар - біздің болашағымыз. Сондықтан жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек. Ауданда жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар "Жасыл ел" еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезгілінде жұмысқа орналастырамыз. "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетеміз. Ештеңеден қорықпаңыздар. Біздің уақытта білім алуға, дамуға, кәсіп ашуға қолдау, таңдау болмады. Ал қазір таңдау бар. Сол сияқты 10 қаңтар күні де өздеріңіздің таңдауларыңызды жасайтын шығарсыздар деген үміттемін, деп сөз алған облыстық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясы атынан үміткер, облыстық Жастар саясатының жетекшісі Арайлым Есімбекқызы жастарды ештеңеден, ешнәрседен қорықпауға шақырды.

Шара барысында үміткерлер жастардың өз қабілетін жүзеге асыруына, еліміздің қоғамдық-саяси өміріне араласуына, білім алуына және еңбек етуін қамтамасыз ету мақсатында партияның сайлауалды бағдарламасында нақты жүзеге асуы көзделіп отырған бағыттарға тоқталып өтті.

Атап айтқанда:

- сұранысқа ие мамандықтар бойынша жоғары білім алуға арналған гранттар санын көбейту;
- Жыл сайын 2  мыңнан астам жастарды жұмысқа тұрғызу, оның 200-ін «Жастар практикасы» бағдарламасымен жұмысқа тарту; 
- 2025 жылға қарай жастардың жұмыссыздық деңгейі 2,9 пайыздан 2,7-ге түсіру;
- тек Өскемен қаласында 916 орынға арналған 3 студенттік жатақхана құрылысы;
- жас кәсіпкерлерге жаңа бизнес-идеяларын іске асыруға грант беру;
- студенттер үшін қалалық бағыттағы жолаушылар көліктеріне 25% жеңілдік беру. 

Үгіт-насихат жұмыстары барысында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алса, үміткерлер партияның жеткен жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын тағы бір мәрте сараптап, қолдауға шақырды. 

Сонымен қатар, облыстық мәслихат депутаттығына Nur Otan партиясы атынан үміткер, Өскемен қалалық мәслихататының хатшысы Александр Светаш Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болғанын, бірақ осы сын-қатерлерге қарамастан Nur Otan партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізіп, жастарға кәсіпкерлік бағытында кеңес берді. 

WhatsApp Image 2020-12-29 at 15.59.30 (1).jpeg

Nur Otan партиясы ШҚО Өскемен қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу