KZ
Өскемен
-3°
ясно жел 2 м/с, СБ
479.71 533.77 5.16

«Ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық емес». Ахметов Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы туралы

24.09.2021, 10:31 227

ШҚО-да «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша 8 айда атқарылған жұмыстар қорытындыланды

«Nur Otan» партиясы Шығыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасы, облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы Ахметовтің қатысуымен облыстық филиалдың Саяси кеңесі бюросымен облыстық маслихаттағы «Nur Otan» партиясының депутаттық фракциясының бірлескен отырысы өтті.

«Партияның сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасын орындау бойынша жұмыстарды атқаруда кей аудандар мен қалаларда кемшіл тұстар бар. Ұйымдастыру жұмыстары қанағаттанарлық емес. Аумақтық филиалдардың төрағалары сіздер олқылықты жойып, сайлауалды бағдарламаны жүзеге асыруға арналған Жол картасының әр тармағы бойынша көрсетілген іс-шараларды уақытылы орындап, айтылған кемшіліктер бойынша нақты шаралар қабылдауларыңыз керек»,- деді облыстық филиалдың төрағасы Даниал Ахметов. 

Жалпы Шығыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламаны іске асыруға арналған Жол картасы негізінде ағымдағы жылы 22 индикаторға бөлінген 82 іс-шара шараны жүзеге асыру көзделген.

Сайлауалды бағдарламаны орындауға арналған Жол картасы негізігі жеті бағыттан тұрады. Әр бағыт бойынша іс-шаралар уақыттылы жүзеге асырылуда.

Мәселен «Білім беру сапасын жақсарту» бағыты бойынша Семей және Риддер қалаларында мектептің құрылысы жүргізілуде (Степное кентінде 300 орын және Восточный кентінде 1200 орын, Риддер қаласында 620 орын). «Менің мектебім» акциясы аясында 250 мектеп жаңа модификация кабинеттерімен жабдықталды. «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында 7 білім беру нысанына күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. «Бұқаралық спортты қолдау бойынша Күршім және Үржар аудандарында 2 жүзу бассейнінің құрылысы аяқталды.

Партияның сайлауалды бағдарламасындағы «Тарих пен мәдениетті дамыту» бағыты бойынша «Рухани жаңғыру», «Абай Әлемі» жобалары шеңберінде көрнекті жерлестердің мұрасын насихаттау жүзеге асырылуда. Сонымен қатар өңірімізде археология саласында ғылыми-зерттеу жұмыстары жалғасуда, оған 218,4 млн.теңге жұмсалды.

Жалпы өңір бойынша «Nur Otan» партиясының «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір» сайлауалды бағдарламасын орындауға арналған Жол картасындағы өзге бағыттар бойынша да нақты іс-шаралар дер кезінде іске асырылуда.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив