KZ
Өскемен
-10°
туман жел 3 м/с, З
502.27 597.15 6.57

Тасқынның алдын алу: ШҚО-да 49 гидробекеттен түсетін мәліметтер сараланады

20.01.2026, 14:30 122 Ержан Әбіш

Шығыс Қазақстан облысында су басу қаупін төмендету және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында су тасқынына қарсы кешенді іс-шаралар жалғасып жатыр. Су тасқыны мен еріген қар суы қаупі бар елді мекендердің тізбесіне 71 елді мекен енгізілген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Былтыр өңірде су тасқынының алдын алуға бағытталған 28 инженерлік іс-шара жүзеге асырылды. Атап айтқанда, 900 метр қорғаныш бөгеттері жөнделіп, жалпы ұзындығы 13 072 метр су бұру арналары тазартылып, тереңдетілді. Сонымен қатар көпірлер мен автомобиль жолдарын салу және жөндеу жұмыстары жүргізіліп, бір гидротехникалық нысан жаңғыртудан өтті.

Облыста Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының «Ахуалдық орталық» ақпараттық жүйесі базасында су тасқыны жағдайын бақылаудың бірыңғай кешені енгізілді. Аталған жүйе геоақпараттық (ГАЖ) модульді, болжам жасау құралдарын және кіріктірілген жасанды интеллект моделін қамтиды. Жүйе 49 гидробекет бойынша алдағы 7 тәулікке арналған болжам қалыптастырып, ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға және уақтылы алдын алу шараларын қабылдауға мүмкіндік береді.

Жалпы атқарылып жатқан барлық іс-шаралар су тасқыны қаупін азайтуға, халық пен инфрақұрылымды қорғауға, төтенше жағдайлардың алдын алуға, сондай-ақ уәкілетті органдар мен қызметтердің дайындық деңгейін арттыруға бағытталған.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу