Әскери қызметкерлер діни сауатын арттырды - Өскемен
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Өскемен гарнизонының 27943 әскери бөліміндегі жеке құраммен «Діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Бұл туралы Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі хабарлап отыр.
Әскери қызметшілер арасында адамгершілік, имандылық қасиеттерін тәрбиелеу, діни көзқарастарын қалыптастыру мақсатында ел арасында, бұқаралық ақпарат құралдарында кең таралған «экстремизм», «терроризм» ұғымдарын талдап, түсіндіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
Діни сауаттылық – ұлттық тарих, дәстүрмен қатар, әлемдік деңгейдегі үрдістерден хабардар болудан құралады. Өз Отанын сүю мен дәстүрін ұстану, тарихын қастерлеу – сауаттылықтың бір қыры.
Діни экстремизм мен терроризм идеяларының әскери ортаға енуіне идеологиялық қарсы тұру мақсатындағы кездесу Өскемен гарнизоны Әскери полиция бөлімі алдын алу бөлімшісінің ұйымдастыруымен өтті.
Айта кетсек, Әскери полиция бөлімі гарнизон аумағында радикалды бапталған элементтердің, түрлі экстремистік ағымдарға қатысушылардың енуіне алғышарттар жасауға жол бермеу үшін барынша шаралар қабылдауға жауапты.