KZ
Өскемен
-2°
туман Штиль
478.96 533.03 5.22

ШҚО-ның сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

19.03.2023, 07:35 213 Мадина Амангелдіқызы

Шығыс Қазақстан облысының сайлау учаскелері өз жұмысын бастады.

ШҚО бойынша барлығы 533 сайлау учаскесі, оның ішінде азаматтарды тіркеу орны бойынша 501 сайлау учаскесі бар.  Естеріңізге сала кетейік, бүгін, 19 наурызда Қазақстанда ҚР Парламенті Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтуде, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

 
Дауыс беруге 18 жасқа толған Қазақстанның барлық азаматтары қатыса алады. Сайлаушы жеке дауыс береді. Дауыс беру құқығын басқа адамға тапсыруға немесе басқа адам үшін дауыс беруге сайлауда жол берілмейді. Дауыс беруге арналған бюллетеньдер сайлаушылар тізімі негізінде беріледі. Ол үшін жеке куәлікті ұсыну қажет. Дауыс беруші бюллетеньді сайлаушылар тізімінен алғанын растап қол қояды. Бюллетеньдер жасырын дауыс беруге арналған кабинада толтырылады, кабинаға сайлаушыдан бөгде адамдардың кіруіне тыйым салынады. 
Егер сіз сайлау күні денсаулық жағдайы бойынша, отбасының науқас мүшесіне күтім жасау себебінен дауыс беруге келе алмасаңыз, сайлау учаскелері құрылмаған қаланың шалғай аудандарында болсаңыз, онда жергілікті уақыт бойынша 12 сағаттан кешіктірмей учаскелік сайлау комиссиясына үйде дауыс беруді ұйымдастыру туралы жазбаша өтінішпен жүгінуге болады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив