Күршімде жылу жүйесіне қосуға 205 млн теңге жұмсалады
Күршім ауданының әкімі Алмат Ақышовтың айтуынша, ауданда жылу жүйесіне қосу бойынша бірқатар жұмыс атқару жоспарланып отыр.
Ауданда бірнеше нысанды жылу жүйесіне қосуға 205 млн теңге бөлінбек, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
2023 жылы 3 әлеуметтік, 6 әкімшілік нысан мен көпқабатты 5 үйді жылу жүйесіне қосуға 205 млн теңге қаражат бөлініп, 3 жылу қазандығында жөндеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.
Дәлірек айтқанда, Күршім ауылындағы 3 қазандықтың жылу желілері жөнделмек. Сонымен қатар мектеп-гимназияны жылытуға қосу үшін 55 млн теңге бөлу көзделген.
Оқи отырыңыз