KZ
Өскемен
+5°
пасмурно жел 2 м/с, СБ
478.54 533.76 5.17

Жыл басынан бері 850 адам жол апатынан зардап шекті

18.08.2019, 04:53 337

Шығыс Қазақстан облысында жыл басынан бері 850-ден астам адам жол апатынан зардап шекті, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Полиция департаментінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері облыс жолдарында 550 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 850-ден астам адамның зардап шеккені анықталған.

Күні кеше, дәлірек айтар болсақ, 16-17 тамыз күндері  облыс көлмінде жүргізілген       «Қауіпсіз жол» атты бір ғана жедел алдын алу іс-шарасы бойынша 57 жүргізуші мас күйінде көлік жүргізгені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Екі күн ішінде жылдамдықты шектен тыс асырған 382 жүргізушіге, басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік жүргізгені үшін 56 жүргізушіге айыппұл салынды. Сондай-ақ аталған кезеңде жол қозғалысы ережелерін бұзған 687 жаяу жүргінші айыппұл арқалады.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив