KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

Өңір басшысы өзекті мәселелер жөнінде сөз қозғады

Фото: factum.kz

14.07.2023, 10:12 184 Оразай Жеңісұлы

Маңызды әрі өзекті мәселелер талқыға түскен облыс әкімдігінің активі өтті.

Жиында аймақ басшысы Ермек Көшербаев барлық әкімдерге көмір разрезі алдындағы берешектерді өтеуді қадағалап, мектептерде, ауруханаларда және өзге де әлеуметтік нысандарда отын қорының болуын бақылауды тапсырды, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.

– Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне келетін болсақ, биыл біз 34 жобаның 19-ын жүзеге асырамыз. Межелі мерзімнен артта қалу немесе жұмыстың толық орындалмағаны туралы ақпарат мүлде қабылданбайды. Егер мұндай жағдай бола қалса, жергілікті жерлерде тиімсіз жұмыс жүргізілді, адамдармен ортақ мәміле жасалмады деген сөз. Сондай-ақ әкімдер құрылыс барысын кешенді түрде жүргізгендері шарт. Біртіндеп немесе ішінара іріктеу жұмыстары болмағанын назарға алған жөн. Бұл барлық елді мекендерге қатысты. Мен тозығы жеткен және апатты жағдайдағы үйлердің санын мүмкіндігінше тез талдауды тапсырдым, – деді облыс әкімі.

Өңір басшысы денсаулық сақтау саласы бойынша даму көрсеткіші қарқынды екенін атап өтті.

– Облыста екі жаңа аудан пайда болатынын ескерсек, қазірден бастап ол жерлерде науқастарға ыңғайлы медициналық мекемелер мен инфрақұрылымдық жағдайларын реттеу керек. Ең алдымен, жол мәселесі. Оған қоса, медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік мүмкіндіктер пакетін дайындау қажет, – деді әкім.

Сондай-ақ активте білім беру және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Облыс басшысы бюджет есебінен орнатылып жатқан антенна-діңгек құрылыстары «ескерткішке» айналмас үшін әкімдер ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз ететін компаниялармен тікелей жұмыс істеуге тиіс екенін атап өтті.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив