KZ
Өскемен
переменная облачность жел 1 м/с, С
481.84 531.33 5.07

ШҚО әкімі бірқатар тапсырма берді

Фото: ШҚО әкімінің парақшасынан алынды

13.07.2023, 21:40 327

ШҚО әкімдігінің активінде маңызды әрі өзекті мәселелер талқыланды.

Облыс әкімі Ермек Көшербаев құзырлы тұлғаларға бірқатар тапсырма бергенін жариялады, деп хабарлайды Altaynews тілшісі.
  "Қазір көмір жеткізу маусымы басталғаны белгілі. Осы ретте мен барлық әкімдерге көмір разрезі алдындағы берешектерді өтеу бойынша жұмысты қадағалап, мектептерде, ауруханаларда және өзге де әлеуметтік нысандарда отын қорының болуын бақылауды тапсырдым. Сумен жабдықтау және су бұру жүйелеріне келетін болсақ, биыл біз 34 жобаның 19-ын жүзеге асырамыз. Бұл жерде мерзімнен артта қалу немесе жұмыстың толық орындалмауы туралы ақпарат мүлде қабылданбайды. Егер осындай жағдай орын алса, ол  жергілікті жерлерде тиімсіз жұмыс жүргізуді, адамдармен ортақ мәмілеге қол жеткізе алмауды көрсетеді. Сондай-ақ әкімдер құрылыс барысын кешенді түрде жүргізулері шарт. Біртіндеп немесе ішінара іріктеу жұмыстары болмауын назарға алған жөн. Бұл барлық елді мекендерге қатысты. Мен тозығы жеткен және апатты жағдайдағы үйлердің санын мүмкіндігінше тез талдауды тапсырдым", – деп жазды облыс әкімі.
Ермек Беделбайұлы облыстағы денсаулық сақтау саласы қарқынды дамып келе жатқанын жеткізді. Әкім облыста жаңа екі аудан құрылатынын атап өтіп, ол жерлерде науқастардың ыңғайына қарай жабдықталған медициналық мекеме мен инфрақұрылымдық жағдайдың болуын қадағалау керектігін мәлімдеді.
  "Ең алдымен, жол мәселесі.  Сондай-ақ медицина қызметкерлеріне арналған әлеуметтік мүмкіндіктер пакетін дайындау қажет. Активте білім беру және интернетпен қамтамасыз ету мәселелері де талқыланды. Біз бюджет есебінен орнатып жатқан антенна-діңгек құрылыстары "ескерткішке" айналмауы үшін әкімдер ұялы байланыс пен интернетті қамтамасыз ететін компаниялармен тікелей жұмыс істеуі тиіс", – деп жазды облыс әкімі әлеуметтік желідегі парақшасында.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив