Министр: Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған
Фото: bestnews.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Үкімет кулуарында өз үйінде интернет сапасы қандай екенін айтты.
"Менің үйімде де интернет тұрақсыз болған. Бірақ кейінгі айда Kcell-дің байланыс сапасы жолға түсе бастады. Сондықтан да қазір Beeline-нан Kcell-ге ауыссам деп ойлап жүрмін", – деген министр үйінің елорданың қай ауданында орналасқанын айтты.
"Бұл Сол жағалауда, EXPO ауданының маңы", – деді ведомство басшысы.
Оқи отырыңыз