Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Өскеменнің сарбаздары 80 шақырымдық марафонды бағындырды
Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Өскемен гарнизонындағы 27943 әскери бөлімнің үш әскери қызметшісі – 1-сынып сержанты Қуат Қасымов, 3-сынып сержанты Данияр Сапаралиев және сержант Санат Қазбеков 80 шақырымдық марафонды бағындырды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Жүгіру таң сәріде Сұлусары елді мекенінде басталып, Жаңа Ахмер ауылындағы әскери бөлім аумағында аяқталды. Қатысушылар бұл арақашықтықты 8 сағат 24 минутта жүгіріп өтті.
– Біздің мақсатымыз – Жеңістің 80 жылдығына құрмет білдіру. Әр шақырым бізге батырлардың ерлігі мен табандылығын еске салды. Солардың рухы бізге күш берді, – деді Данияр Сапаралиев.
Бұл марафон – тек спорттық шара емес, Отан үшін жанын пида еткен қаһармандардың рухына тағзым.
– Жол бойы сарбаздар Ұлы Жеңістің маңызын, бейбіт өмірдің құндылығын және әскери борыштың жауапкершілігін терең сезінді. Мұндай патриоттық іс-шаралар жас буын үшін үлгі болары анық және Отанға деген сүйіспеншілікті арттырады, – деп хабарлады Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі.
Фото: Өскемен гарнизонының баспасөз қызметі
Оқи отырыңыз
Ұлы Жеңіске – 80 жыл: Ұлттық ұланда патриоттық челлендж басталдыШҚО-да Жеңістің 75 жылдығына арналған іс-шаралар уақытша тоқтатылдыҰлттық ұлан оркестрі әскери әндермен көрермендерді баурадыӘскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне қайтты – ШҚОМерзімді әскери борышын өтеген сарбаздар үйлеріне оралады - Аягөз





