Өскеменнен Шымкентке жаңа тікелей рейс ашылады
pixabay.com
2025 жылғы 1 маусымнан бастап Өскемен әуежайынан Өскемен – Шымкент бағыты бойынша жаңа тұрақты әуе рейсі іске қосылады. Рейстерді SCAT Airlines әуе компаниясы аптасына бес рет – дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, жұма және жексенбі күндері орындайды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.
Сондай-ақ, 1 мамырдан бастап «Алматы-Семей-Алматы» бағыты бойынша рейстер аптасына үш рет, ал «Астана-Семей-Астана» бағыты бойынша аптасына бір рет орындалады. Семей қаласынан Астанаға тұрақты әуе рейсі іске қосылады. 27 сәуірден бастап «Семей-Астана-Семей» бағытында жолаушыларды 48 орындық «Ан-24» ұшағы тасымалдай бастайды. Бұл рейсті «Южное небо» әуе компаниясы орындайды. Ұшу уақыты Семейден – 18:15, Астанадан – 21:15.
1 маусымнан бастап «FlyArystan» компаниясы «Шымкент – Семей – Шымкент» бағытында жаңа рейс ашады. Бұл бағыттағы рейстер аптасына екі рет – дүйсенбі және бейсенбі күндері жүзеге асырылады.
Осы күні «Скат» әуе компаниясы да жаңа бағыттарды ұсынады. «Алматы-Үржар-Алматы» және «Астана-Үржар-Астана» рейстері аптасына алты рет орындалады.