KZ
Өскемен
+2°
пасмурно жел 6 м/с, ОШ
522.38 612.6 6.54

«Астана–Өскемен» пойызына спутниктік интернет қосылды

23.04.2025, 15:00 390 Төлеуғазы Жансая

«Жолаушылар тасымалы» АҚ №67/68 «Астана–Өскемен» бағытында жоғары жылдамдықты спутниктік интернет қызметін іске қосты. Бұл – жолаушылар үшін цифрлық қолайлылықты арттыруға бағытталған кезекті қадам. Бұған дейін пилоттық жоба №3/4 «Астана–Алматы» пойызында сәтті жүзеге асырылып, 24 мыңнан астам жолаушы интернет қызметін пайдаланып үлгерген, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Жоба Eutelsat OneWeb, Jusan Mobile және Kaztechnology компанияларымен серіктестікте жүзеге асырылды. Пойыздағы мультимедиялық жабдық қайта бапталып, жолаушылар енді Vputi.kz медиапорталымен қатар, еркін интернетке де қосыла алады.

«Астана–Өскемен бағыты — спутниктік интернетпен жабдықталған екінші Talgo пойызы. Бұл бастама барлық 15 бағытты кезең-кезеңімен интернетпен қамтуды көздейтін кең ауқымды жоспарымыздың бір бөлігі. Біз саяхаттарды заманауи талаптарға сай етіп, ақпарат пен байланысқа қолжетімділікті қамтамасыз еткіміз келеді. Бұл жоба жолаушыларға байланыста қалып, әрі жұмыс істеп, әрі демалуға мүмкіндік береді», – деді «Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Әнуар Ахметжанов.

OneWeb жүйесі төмен орбиталы спутниктердің көмегімен шалғай және желі әлсіз аумақтарда да тұрақты әрі сенімді байланыс ұсынады. Қосылу жылдамдығы 100 Мбит/с-қа дейін жетеді.

Интернет енгізілуімен қатар, пойыздарға заманауи бақылау жүйелері де орнатылды: билеттерді тексеруге арналған мобильді терминалдар, пойыз басшыларына арналған бейнерегистраторлар, сондай-ақ бейнебақылау жүйелері іске қосылды. Барлық деректер бұлтты сақтау қоймасында сақталады.

Сонымен қатар, жолаушылар енді мейрамхана вагонында POS-терминалдар арқылы төлем жасай алады. 

Фото: "ҚТЖ" АҚ

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу