KZ
Өскемен
-22°
туман Штиль
501.02 597.27 6.59

ШҚО: Еліктердің Бұқтырманы жүзіп өткен сәті видеоға түсті

23.04.2025, 14:00 438 Әбішев Ержан

Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің инспекторлары Бұқтырма өзенін жүзіп өткен еліктерді видеоға түсіріп алды, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

Ұлттық парктерде орман жағдайын бақылау, құқықбұзушылықтардың алдын алу, жануарлар мен өсімдіктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Шығыс Қазақстан облысында патрульдік рейдтер тұрақты түрде өткізіліп тұрады.

Усть-Язов орман шаруашылығының инспекторлары еліктер мен маралдарды бақылап жүрген. Сол сәтте аңдар тосын әрекетке барып, Бұқтырманың ағысқа толы суын жүзіп өтпек болды. Бұл ерекше сәтті орман қызметкерлері видеоға түсіріп үлгерді.

Фото/видео: Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу