KZ
Өскемен
+4°
пасмурно жел 1 м/с, С
478.16 534.92 5.18

Шілде айында қай мамандарға жоғары жалақы ұсынылды?

Фото: кursiv.kz

9.08.2023, 21:32 175 Оразай Жеңісұлы

Шілде айында жұмыс берушілер электронды еңбек биржасына 98 мың бос жұмыс орнын орналастырса, өтініш берушілер 93,4 мың түйіндеме орналастырған. Маусым айымен салыстырғанда бос жұмыс орындарының саны 8,1 мыңға, ал түйіндемелердің саны 38,8 мыңға артты.

Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәлімдеді, деп хабарлайды  Altaynews.kz сайты.

"Шілде айында жұмыс берушілер арасындағы ең үлкен сұранысқа біліктілігі жоқ мамандармен қатар call-орталық операторлары, көлік жүргізушілері мен күзетшілер ие болды", – деп жазды ведомство.

Шілде айында жоғары білікті мамандардың түйіндемелерінің жартысы орта білім беру ұйымдарының педагог мамандықтарына тиесілі болды. Оның ішінде бастауыш сынып мұғалімдері, орта мектеп мұғалімдері және пән мұғалімдері бар. Өткен аймен салыстырғанда бұл мамандардың түйіндемелері жалпы саны 7,4 мыңға артқан. Ауыл шаруашылығы саласы мамандарының түйіндемелерінің күрт артуы тамыз айындағы ору науқанына дайындықпен байланысты.

"Түйіндемелер санын көбейтудің негізгі факторы – жаңа оқу жылының жақындауы және ЖОО түлектерінің еңбек нарығына шығуы", – деп түсіндірді ҚР Еңбек министрлігінен.

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив