KZ
Өскемен
облачно с прояснениями жел 6 м/с, ОШ
493.85 519.04 4.97

Шығыс жауынгерлеріне жауапты міндет жүктелді

4.01.2024, 15:25 115 Оразай Жеңісұлы

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдерде​ жаңа оқу кезеңі ​ басталды. ​Әскери оркестр әнұран шырқап, жауынгерлік ту жоғары көтерілді.​ Өткен жылы атқарылған жұмыстарға қысқаша шолу жасаған ұландықтар биылғы жоспарды да талқыға салды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

Іс-шара барысында қолбасшылық басқарма офицерлері мемлекеттік-құқықтық дайындық сабақтарын өтті. Алғашқы сабақты ​ «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы Арман Жұмағалиев​ жүргізді.

- Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Біздің қарулы күштеріміз – мемлекетіміздің мызғымас тірегі» деген еді. Сондықтан​ біздің басты міндетіміз – ел тұтастығын сақтап, 130 ұлт өкілдері мекен ететін зайырлы еліміздің ынтымағын нығайту, - деді А.Жұмағалиев.​

Жауынгерлер қауіпсіздік ережелеріне қатысты тәжірибелік сабақтарға да зейін қойды. Жаңа оқу жылында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша жауынгерлер алдында​ бірқатар жауапты міндет тұр.​

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу