«Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы тағайындалды
Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің келісімімен Ішкі істер министрінің бұйрығымен Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымына генерал-майор Арман Жұмағалиев тағайындалды.
Жаңа қолбасшыны жеке құрамға ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары - Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-лейтенант Еркін Ботақанов таныстырды, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.
- Арман Мақсотұлы баршаңызға білікті әскери қолбасшы ретінде жақсы таныс. Әскери жолын курсант пен лейтенанттан генерал-майорға дейін, взвод командирінен өңірлік ауқымдағы қолбасшыға дейін жүріп өткен білікті офицер. Арман Мақсотұлы «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлік-қызметтік тынысына жаңа серпін беретініне сенімдімін, - деді Еркін Советбекұлы.
Генерал-майор Арман Жұмағалиев бұған дейін ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы лауазымында қызмет еткен.
Оқи отырыңыз