KZ
Өскемен
-9°
туман жел 1 м/с, В
523.86 544.34 5.11

Аймақтық тұрақтандыру қорларынан көкөністерді қол жетімді бағамен брондау ақпан айында басталады

Фото: primeminister.kz

30.01.2024, 15:15 116

Мұндай тапсырманы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Серік Жұманғарин әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыру жөніндегі кеңесте берді.

 

 

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды Altaynews.kz тілшісі.

 

 

Сонымен қатар ішкі нарықты қол жетімді бағадағы көкөністермен барынша қамту үшін өңірлерде жәрмеңкелер басталады.

 

 

Сәуір айының екінші жартысынан бастап халық ерте пісетін көкөністерді, негізінен импорттық өнімдерді белсенді тұтына бастайтынын ескере отырып, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы қазірдің өзінде осы өнімдерді Өзбекстан мен Тәжікстаннан әкелу бойынша жұмыс жүргізуде.

 

 

Қазақстандықтардың қажеттілігін қамтамасыз ету үшін ұсынылған картоп көлемі 8,2 мың тоннаны (сәуір-маусым), пияз – 5 мың тоннаны (мамыр-маусым) құрайды.

 

 

Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанованың айтуынша, өткен жылдардағы тәжірибені ескере отырып, «QazTrade» көкөністерді жеткізу схемасын әзірледі, онда бірқатар логистикалық мәселелер, соның ішінде шекара өткелдері қарастырылған.

 

 

Жиналыста қанттың ең төменгі көтерме бағасын белгілеу мүмкіндігі де талқыланды.

 

 

Осы мәселе бойынша пікірлердің алуан түрлілігін ескере отырып, Серік Жұманғарин бірлескен шешім әзірлеу үшін салалық қауымдастықтар, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп Министрліктері және басқа да мүдделі ведомстволар өкілдерінің қатысуымен кеңес өткізуді тапсырды.

                                                                 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу