KZ
Өскемен
+18°
ясно жел 5 м/с, З
480.63 535.13 5.27

Qazaq Air әуекомпаниясы уақыт ауысуына байланысты рейстер кестесінің өзгергені туралы хабарлады

Фото: nasamoletah.ru

5.02.2024, 14:19 168

Естеріңізге сала кетейік, Үкімет қаулысына сәйкес Қазақстан бірыңғай уақыт белдеуіне көшеді, деп хабарлайды Altainews.kz тілшісі.

2024 жылғы 1 наурызға қараған түні (сағат 00:00-де) бірқатар қалалар мен облыстардағы, соның ішінде ШҚО-дағы жергілікті уақыт бір сағат артқа ауыстырылады.

«Осыған байланысты 29 қаңтарға дейін Астана, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Орал, Шымкент, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Түркістан, Қызылорда, Өскемен, Талдықорған және Жезқазған рейстеріне билет сатып алған жолаушылардың ұшу уақыты сағат 00:01-дегі (Астана уақыты бойынша) рейс билетте көрсетілген уақыттан бір сағат бұрын орындалатынына назар аударғаны жөн», - деп хабарлады «QAZAQ AIR» авиакомпаниясы.

29 қаңтардан кейін жоғарыда аталған бағыттар бойынша авиабилет сатып алған жолаушыларда бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді ескере отырып, авиабилеттерде дұрыс уақыт көрсетілген.

Жолаушыларда сұрақтар туындаған кезде 8-727-353-14-14 телефоны бойынша қолдау қызметіне хабарласуға болады.

 

 

Айжанат Бақытқызы

Біздің Instagram парақшамызға жазылыңыз

Жаңалықтарды ең бірінші болып оқыңыз

жазылу
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив